Қазақстанда жыл сайын Тілдер күні аталып өтеді. Бұл – Қазақстан халықтарының ортақ мерекесі. Көпұлтты тілдер мерекесінің негізінде мынадай идея жатыр: әрбір тіл – бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениетке қосылған баға жетпес үлес.
Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай мектеп кітапханасында «Тіл – ұлттық жаны» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде ұлттық тілдің шығу тегі, Қазақстан халқының тарихы мен қазіргі өмірі жайлы кітаптар ұсынылған, сондай-ақ қазақ тіл білімінің ұлы негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысуға болады.


