2025 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының аумағында «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясы өткізілді.
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында біздің мектептің қызметкерлері сенбілікке шықты.
Іс-шараға қатысушылар қоқысты жинап, мектеп аумағын ретке келтіріп, айналаны тазалады. Мұндай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді және баршаға таза да жайлы орта жасауға ықпал етеді.








