Әңгіме барысында полиция майоры оқушыларға жол қозғалысы ережелерін, жол жиегіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын еске салып, скутерлерді, мотоциклдерді және электрлік велосипедтерді пайдалану мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Әсіресе қорғаныш құралдарын қолдану мен жолдағы тәртіпті сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу еркін сұхбат түрінде өтті: оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өмірден алынған мысалдар келтіріп, пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер балаларға жеке қауіпсіздік пен денсаулық үшін жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.






