Мектебімізде «Энергияны үнемдеу» тақырыбында іс-шара өтті, оған 5–9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсіндіру. Оқушылар энергияны үнемдеудің негізгі қағидаларымен танысып, күнделікті қарапайым әрекеттердің экологияны сақтауға және энергия шығынын азайтуға қалай көмектесетінін білді.






