«Адал азамат» бағдарламасын «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында іске асыру жоспарына сәйкес КММ «Астрахан орта мектебінде» құқықтық тәрбие айлығының ашылуы өтті.

«Адал азамат» бағдарламасын «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында іске асыру жоспарына сәйкес КММ «Астрахан орта мектебінде» құқықтық тәрбие айлығының ашылуы өтті.

Іс-шара барысында қауіпсіздік бойынша бірыңғай сабақтар өткізілді. Сабақтарды учаскелік полиция инспекторы Мукжанов Ж.А. және ГБСБН инспекторы, полицияның аға лейтенанты Укметова Саида Серікқызы бірлесіп жүргізді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, қоғамдық орындарда және тұрмыста өзін-өзі ұстау ережелері, жеке қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ интернет пен әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану туралы еске салды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Қосымша ақпарат көздері