Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен – қуанышқа, шаттыққа және бақытты балалық шаққа толы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен – қуанышқа, шаттыққа және бақытты балалық шаққа толы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Әр күніңіз жарқын әсерлерге, қызықты жаңалықтарға, адал достарға және игі оқиғаларға толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, оқуда табыс, ең асыл армандарыңыздың орындалуын және ашық аспан тілейміз. Әрқашан жанарыңызда қуаныш ұялап, қастарыңызда аяулы ата-анаңыз, қамқор ұстаздарыңыз бен сенімді достарыңыз болсын.

Балалық шақ – армандауға, шығармашылықпен айналысуға және әлемді тануға мүмкіндік беретін ғажайып кезең. Армандарыңыз міндетті түрде орындалып, өмірлеріңіз қуаныш пен бақыт сыйлайтын жарқын сәттерге толы болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын! Балаларды қорғау күні құтты болсын!

Қосымша ақпарат көздері