Іс-шараның мақсаты – балалардың мектепке дейінгі ұйымнан бастауыш мектепке ыңғайлы бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында балабақша мен мектеп арасындағы тұрақты байланысты қалыптастыруға ықпал ету.
Негізгі міндеттер:
Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерін қазіргі заман талаптарына сай мектептегі оқу жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру;
Балабақша мен бастауыш мектептің білім беру бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету;
Балалардың мектепке дайын болуының психологиялық, интеллектуалдық және әлеуметтік-тұлғалық аспектілерін талқылау.
Іс-шара аясында 1-сыныпта «Ы дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты бастауыш сынып мұғалімі Шайжанова Айгүл Наурзбаевна жүргізді. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, дыбыс пен әріпті дұрыс ажыратуға бағытталған түрлі тапсырмалар орындады.
Сондай-ақ, мектептің педагог-психологы Сатанова Мәдина Жасланқызы «Балалардың мектепке психологиялық дайындығы» тақырыбында мастер-класс өткізді. Ол өз сөзінде 6 жастағы балалардың даму ерекшеліктері мен мектепке дайындық кезеңіндегі маңызды аспектілерді жан-жақты баяндады.
Балалардың жеке даму карталарын (ИКР) талдау бойынша сөз сөйлеген Дроздова Юлия Витальевна мектепке дейінгі кезең мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудегі бұл құралдың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шараның соңында «Плюс — Минус — Қызықты» әдісі арқылы рефлексия жүргізілді. Бұл бөлімді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Джуасбаев Болат Дуанбаевич жүргізіп, қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.






