«Адал Азамат» бағдарламасын іске асыру аясында КММ «Астрахан орта мектебінде» «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өтті. Іс-шараға мұғалімдер мен 5–11 сынып оқушылары белсене қатысты!
Сенбіліктің мақсаты – оқушылардың экологиялық санасын дамыту, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және айналаны таза ұстауға деген жауапкершілікті арттыру. Акция барысында мектеп аумағы тазаланып, қоқыс шығарылды, жапырақтар жиналды, көшеттер отырғызылып, гүлзарлар абаттандырылды.
Мұндай іс-шаралар ұжымның ұйымшылдығын арттырып, қоғамдағы экологиялық мәдениеттің дамуына ықпал етеді.

















