Біздің мектептің оқушылары «Закладка» фильмін тамашалады.

Біздің мектептің оқушылары «Закладка» фильмін тамашалады.

Көрсетілімнің мақсаты – зиянды әдеттердің алдын алу және жасөспірімдердің тыйым салынған заттарды таратуға байланысты құқықбұзушылық әрекеттерге тартылуына жол бермеу. Фильм «закладка» деп аталатын құбылыстың қауіптілігін ашып көрсетіп, ойланбай жасалған қадамның қандай ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді, сондай-ақ балалардың қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауын қалыптастырады.

Көрсетілімнен кейін қысқаша талқылау өтіп, онда оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, кез келген күмәнді ұсыныстарға «жоқ» деп айта білу, сақ болу және жауапкершілік таныту маңызды деген қорытындыға келді.

Қосымша ақпарат көздері