Мектепте «Заң балалардың көзқарасымен» атты сурет байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға деген құрметті арттыру және әрбір адамның құқықтары мен міндеттерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру болды. Балалар өз шығармашылық жұмыстары арқылы әділдік, тәртіп, бала құқықтары және жауапкершілік сияқты ұғымдар жөніндегі түсініктерін көрсетті.






