Мектепте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында мектеп парламентінің құқықтық клубтарының «Құқықтар мен жауапкершілік» тақырыбында акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар құқықтары мен міндеттеріне байланысты тапсырмалар орындап, өмірлік жағдаяттарды талқылады. Акция оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заңды сақтауға жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.



