Мектепте оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітапқа ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында «Кітап — менің досым» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар кітаптың адам өміріндегі рөлі, оның дүниетанымды кеңейту мен тіл байлығын дамытудағы маңызы туралы әңгімеледі. Балалар өздерінің сүйікті шығармалары мен кейіпкерлерімен бөлісіп, викториналық сұрақтарға жауап берді, кітапты күтіп ұстау ережелерін еске түсірді.
Сондай-ақ кітаптың тек білім көзі ғана емес, адамды жақсылыққа, адалдыққа тәрбиелейтін және өмірлік сұрақтарға жауап табуға көмектесетін сенімді дос екеніне ерекше назар аударылды. Сынып сағаты достық әрі танымдық атмосферада өтіп, оқушылардың қызығушылығын арттырып, кітап оқуға деген ынтасын оятты.





