КММ «Астраханка орта мектебінде» республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектепішілік сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту.
Сенбілік барысында оқушылар мен педагогикалық ұжым мектеп аумағын тазалау жұмыстарын жүргізді: аула қоқыстан тазартылып, мектеп аумағы ретке келтірілді, айналасы абаттандырылды.
Мұндай іс-шаралар ұжымның бірлігін нығайтып, жас ұрпақтың еңбекқорлығын және экологиялық санасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бірлескен еңбектің арқасында мектеп аумағы таза әрі көрікті бола түсті. Акцияға қатысушылар жақсы көңіл-күй алып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын терең түсінді.
Экологиялық акцияға қатысқан барлық қатысушыларға шын жүректен алғыс білдіреміз!




