«Естелік эстафетасы: өткенді сақтай отырып — болашаққа қамқорлық»

«Естелік эстафетасы: өткенді сақтай отырып — болашаққа қамқорлық»

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіш маңында естелік эстафетасы — сенбілік өтті.

Мектеп оқушылары мен ұстаздары мемориал аумағын ретке келтірді: жазуларды жаңартып, айналаны тазалап, абаттандырды.

Бұл шара жай ғана тазалық жұмысы емес, тарихи жадымызды сақтауға және ата-бабалар ерлігіне құрмет көрсетуге бағытталған маңызды қадам болды. Осындай іс-шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, туған жерге деген жанашырлықты қалыптастырады.

Барлық қатысушыларға белсенділік пен жанашырлықтары үшін алғыс білдіреміз!

Қосымша ақпарат көздері