4-сыныпта бастауыш мектеппен қоштасуға арналған әсерлі де жарқын бітіру кеші өтті. Бұл күн оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер үшін ерекше мерекеге айналды. Балалар қуаныш пен толқу сезімдерімен бастауыш сыныппен қоштасып, алғашқы сабақтарын, мектептегі мерекелерді және жетістіктерін еске алды.
Мерекеде ұстаздар мен ата-аналарға арналған жүрекжарды алғыс сөздер айтылды. Оқушылар әсем әндер айтып, өлеңдер оқып, билер мен көріністер көрсетіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады. Әсіресе, марапаттау мен құттықтау сәттері ерекше әсерлі болды.
Бітіру кеші жылы әрі достық атмосферада өтті. Бұл күн оқушылар үшін маңызды бір кезеңнің аяқталуы ғана емес, сонымен қатар орта буынға қадам басатын жаңа жолдың бастауы болды. Алда оларды жаңа жетістіктер, қызықты жаңалықтар мен жарқын жеңістер күтіп тұрсын!





